Талдықорғандық «Жетісу» футбол клубының бас бапкері Омари Тетрадзе клубпен жасалған келісімшартты өз күшін жоюы мүмкін. Өйткені, Тетрадзе клубта ары қарай жұмыс істегісі келмейді.

«Сәлеметсіздерме, құрметті сайт оқырмандары, - дейді Әйгерім Сабралиева. - Мен, Омари Тетрадзенің ресми өкілі ретінде бүгін кішігірім хабарландыру айтқым келеді. Омари Михайлович пен оның барлық көмекшілері «Жетісу» клубының басшылығына жұмысынан босату туралы арыз жазды. Ертең бас бапкер мен директор осы жайт туралы әңгімелеспек. Соңғы орын алған жағдайларға байланысты, Омари Тетрадзе жаттықтырушы міндетін толыққанды орындай алмай келеді. Сол себепті бірауыздан клубтан кету туралы шешім қабылданды. Омари мырза ойыншылар мен жанкүйерлердің командамен екі жыл бірге болғанына рақметін айтады. «Жетісу» жанкүйерлері Омари Тетрадзені тек жақсы жағынан еске алатынан шын жүрекпен сенемін».