Еуропа лигасы топтық кезеңі аясында елордалық «Астана» нидерландылық «Аз Алкмаармен» кездесу өткізуде.

Матч барысы Роман Григорчук шәкірттері үшін өте сәтсіз өтіп жатыр. Бірінші таймнан кейін 0:2 есебімен қарсыластан ұтылуда.

Онымен қоса, бірінші тайм барысында негізгі қақпашы Ненад Эрич пен қорғаушы Абзал Бейсебеков жарақат алып қалды. Эричтің орнына 38 жастағы Александр Мокин шықса, Абзалды Антонио Рукавина алмастырды.