Бұрынғы NFL ойыншысы Грег Харди ресейлік Александр Волковпен жұдырықтасады.

UFC Fight Night 163 турнирінде Александр Волков бразилиялық Джуниор дос Сантоспен жекпе-жек өткізу қажет болатын. Алайда Сантостың жарақат алуына байланысты оның орнына Грег Харди шығады.

Айта кетейік, Грег Харди мансабында 6 жекпе-жекте жеңіске жетсе, біреуінде қарсыласына есе жіберген.