Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының жаттықтырушысы Джеймс Макгирт мексикалық Сауль Альварестің қарсыластары жайлы жауабында Геннадий Головкинді ұлы деп санамайтынын мәлімдеді.

- «Канело» ұлы боксшылардың қайсысын жеңді? Соны айтыңызшы. Жай ғана мықты емес, ұлыларды...

- Головкин...

- Мен «ұлы» дедім (күледі).

- Сіз Головкинді ұлы боксшылардың қатарына қоспайсыз ба?

- Жоқ, ол ұлы боксшы емес.

Айта кетейік, Джеймс Макгирт ресейлік Сергей Ковалевті жаттықтырады.