Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстанды жеңіп, командалық сайыстың финалына шықты.

Бірінші кездесуде Александр Недовесов Фарух Дустовты оңай жеңді – 6:3, 6:4. Кейін Михаил Кукушкин үш сетке созылған матчта Денис Истоминге жол берді – 6:4, 3:6, 4:6.

Географиялық көршілердің кездесуінде жұптық матч бәрін шешіп берді. Бірінші сетте жеңіліп қалған Андрей Голубев пен Александр Недовесов қалған екеуінде Фарух Дустов және Денис Истоминді қапы қалдырды – 6:7 (4:7), 7:5, 6:4.

Финалда қазақстандықтар Қытай – Жапония жұбының жеңімпазымен кездеседі.