Бүгін УЕФА Еуропа лигасының 3-турында нидерландтық «АЗ Алкмаар» мен «Астана» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық ұжым алдыңғы екі турда Нұр-Сұлтанда сербиялық «Партизаннан»(1:2) және Англияда Манчестер Юнайтедтен (0:1) жеңіліп қалған болатын.

Алкмаарлықтар өз алаңында МЮ-мен тең ойнап, «Партизанмен» де сырт алаңда ұпай бөлісті. Олардың қоржынында екі ұпай бар.

Айта кетелік, L тобының көшбасшылары - қоржындарында 4 ұпайы бар «Партизан» мен «Манчестер Юнайтед» командалары.

Матчты 22.55-те Qazaqstan телеарнасының тікелей эфирінен тамашалауға болады.