Бүгін Ярославльде ҚХЛ тұрақты чемпионатының тағы бір кездесуі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Алаң иелері «Локомотив» командасы нұрсұлтандық «Барысты» қабылдайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22.20-да басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады.

Айта кетелік, «Барыс» Шығыс конференциясының үшінші орнында келе жатса, «Локомотив» Батыс конференциясының 9-орнында тұр.