- Біздің көңіл-күйіміз өте жақсы. Ең бастысы команда өзіне өте сенімді. Ертеңгі ойын біз үшін жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін.
- Сен осыған дейін "АЗ Алкмаар" сапында ойнаған едің. Ертеңгі ойын саған қосымша мотивация болады деп айта аласың ба?
- Мен үшін әр ойын маңызды. Біз бірінші кезекте командалық ойын көрсетіп, жақсы нәтижеге жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз.
- Қарсыластың артықшылығы мен осал тұстарын айта аласыз ба?
- АЗ өте жақсы команда. Олар ұзақ уақыттан бері бір-бірімен ойнап келе жатқандықтан, қарсыластың алаңдағы түсіністіктері жоғары деңгейде. Ертеңгі кездесуде біздің қорғаныс шебі жақсы ойын көрсетеді деген сенімдемін.
- Сіз тек жақсы жақтарына тоқталдыңыз... Осал тұсы бар ма?
- Оны ертеңгі кездесуде көреміз (күледі).
Комментарии