Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Венада өтіп жатқан ATP турнирінің екінші айналымына өтті, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз бірінші айналымда хорватиялық Борна Чоричті жеңді.

1 сағат 23 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.

Кукушкин келесі турда испаниялық Пабло Каррено-Бустамен кездеседі.