Португалиялық маман Жозе Моуриньо жақын уақытта Германияда жұмысын жалғастыруы мүмкін. Daily Mail басылымының мәліметінше, Моуриньо дортмундтық «Боруссияның» тізгінін ұстауы мүмкін. Қазірдің өзінде неміс клубының директоры Ханс-Йоахим Ватцке португалиялық маманмен хабарласып сөйлескен. Бұған дейін «Тоттенхэм» командасы Жозе Моуриньоға қызығушылық танытқаны туралы ақпарат шыққан еді.