23 қазанда елордалық «Алау» спорт кешенінде конькимен сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 100-ден астам спортшылар қатысады. Оның ішінде Қазақстан құрамасының үздіктері де сынға түседі.
Чемпионат 25 қазанға дейін жалғасады.
Конькимен сырғанау бойынша Қазақстан Чемпионаты-2019.
Жарыс бағдарламасы
23 қазан. 500 м (ерлер, әйелдер). 1000 м (ерлер, әйелдер).
24 қазан. 3000м (әйелдер). 5000 м (ерлер). Командалық спринт (әйелдер, ерлер).
25 қазан. 1500 м (әйелдер, ерлер). Командалық жарыс (әйелдер, ерлер). Командалық жарыс (әйелдер, ерлер).
Комментарии