Сеулде тректегі велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық екі велоспортшы - Артем Захаров пен Роман Василенков жұбы жүлдеге ілікті.

Олар «мэдисоннан» өткен жарыста үздік үштікке еніп, қола жүлдегер атанды. Алтынды Оңтүстік Корея, күмісті Жапония спортшылары иеленді.