Қазақстандық ММА балуаны Жасұлан Әкімжан Сочидегі GFC 19: Krepost Selection 6 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жасұлан Әкімжан Мигран Арутюнянға қарсы сынға түсті. Айта кетейік, Арутюнян грек-рим күресінен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған.

Жекпе-жек үшінші раундтың соңында қазақстандық файтердің жеңісімен аяқталды.