Футзалдан Қазақстан Кубогы 1/2 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Айта кетейік, қазіргі таңда жартылай финалдық ойынға қатысатын 4 команданың үшеуі белгілі. Атыраулық «Құлагер» мен алматылық «Қайрат» 5 қарашада соңғы жартылай финал қатысушысын анықтайды.

Қазақстан Кубогы 1/2 финалдық кездесулер:

«Жетісу» (Талдықорған) - «Аят» (Рудный)

«Ақтөбе» (Ақтөбе) - «Құлагер» (Атырау) - «Қайрат» (Алматы) кездесуінің жеңімпазы.

28 қарашада алғашқы матчтар, 13 желтоқсанда қарымта кездесулер өтеді.

18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда жеңіске жеткен екі команда Кубок финалын сарапқа салады.