Бокстан Нидерландта өткен «Эйндховен кубогы» халықаралық турнирінде Қазақстан атынан сынға түскен 6 боксшы қыздың бәрі жүлдеге ие болды, деп жазады Prosports.kz. ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

51 келі салмақ дәрежесі бойынша екі қазақстандық финалға шықты. Бұл жекпе-жекте Жансая Абдраимованы жеңген Ангелина Лукас турнир жеңімпазы атанды.

Дәметкен Келімбет (57 келі) пен Сандуғаш Әбілхан (60 келі) да алтын жүлдеге ие болды.

Арайлым Бегділдә (75 келі) мен Сәния Сұлтанқызы (57 келі) «Эйндховен кубогының» қола жүлдегері атанды.