«Тұлпар» МФК бас бапкері Әміржан Мұқанов «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында «Қайратқа» қарсы ойын туралы және Қазақстан чемпионатының ережесі туралы бірер ауыз ой қозғады.

«Келер ойын туралы айтар болсақ, біздің жетекші ойыншыларымыз жарақаттанып қалды, бұл туралы білетін боларсыз. Қазіргі таңдағы футболшылармыздың қауқары неге жететінін алдағы ойын көрсетеді.

Жиналысқа келер болсақ, одан кейін ешнәсре өзгере қойған жоқ. Мүлдем өзгеріс байқалмайды. Департамент тарапынан ешқандай іс шара жасалған жоқ. Әлемдік тәжірбиені үлгі етіп, плей-офф кезеңін қосуды сұрағанбыз. Бұл туралы бұрыннан айтып келеміз.  Қазақстан футзалының кемшіл тұстары жетерлік. Өткен маусымда кейбір ойындарды өткізудің мәні жоқ еді, өйткені жарысқа қатысушылардың арасындағы ұпай айырмашылығы өте көп болды. Легионер мәселесі де бір қалыпқа келе қойған жоқ».

Тағы да Мұқанов маусымға дайындықты таулы жерде өткізу оның командасына пайдалы көрінеді:

«Біз үшін бұл үлкен футбол мен кіші футбол клубтары сияқты қалыпты жағдай. Әр маусым алдында Ыстық көлге барып, дайындығымызды пысықтаймыз. Бір жағынан қалтаға аса ауыртпашылық түсірмейді және ол жердегі ұсынған жағдай да көңілімізден шығады».

Әміржан Мұқанов бұдан басқа, клуб маусым алдында және «Еременко Кубогының» екінші айналымында қаражаттан таршылық көргенін айтты:

«Жарысқа қатысатынымызға қуаныштымыз. Бірақ дәл қазіргі уақытта қаржылық жағынан қиындық көрудеміз. Қандай құраммен қатысатынымыз, үлкен мәселе болып тұр. Алайда ешнәрсеге қарамай, өз деңгейімізде өнер көрсетуге тырысамыз», - деді Әміржан Абзаловұлы