UFC-дің экс-чемпионы Конор МакГрегорға қыз зорлады деген айып тағылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

The New York Times порталының хабарлауынша, Дублин полициясына МакГрегор зорлады деген айып түскен.

Айыптап отырған қыздың айтуы бойынша, МакГрегор оны 2019 жылдың қазан айында Дублиндегі пабтан шыққан кейін зорлаған екен.

Айта кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында 30 жастағы әйел ирландиялық спортшы зорлады деп айыптаған болатын.