Атақты бразилиялық шабуылшы Роналдинью «Керетаро» сапындағы екінші кездесуінде көзге түсті.

«Гвадалахараға» қарсы ойында 34-жастағы футболшы пенальтиден есеп ашып, артынша бір нәтижелі пастың авторы атанды. Осылайша, «Керетаро» 4:1 есеппен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетсек, Рональдинью қыркүйектің басында мексикандық клубқа ауысқан болатын.