Топтық турнирдің екінші матчында волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Гонкогты қапы қалдырды. 

Бірінші партияда қарсыластарына жол берген (23:25) қазақстандықтар қалған үшеуінде ұтып, Инчхондағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 

 

Гонконг – Қазақстан 1:3 (25:23, 17:25, 16:25, 22:25)

Қазақстан: Гордеева (9), Чумак (7), Рылова (либеро), Акилова (12), Разоренкова (11), Шенбергер (7), Данилова, Ростовщикова (7), Айжарықова, Баткулдина, Маратова, Коломоец (11).