Инчхондағы Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші матчында Жапониямен тең түсті.

Қарсыластар матч бойы тең дәрежеде күресті. Үш кезеңнен кейін қазақстандықтар 6:7 есебімен жеңіліп жатқан болатын, дегенмен соңғы периодта таразы басын теңестіре алды.

 

Қазақстан – Жапония 7:7 (3:2, 1:3, 2:2, 1:0)

Қазақстан: Жаркова, Красикова (қақпашылар); Шепелина (2 гола), Ақылбаева (1), Турова, Закирова, Миршина (2), Мырзабекова, Сайчук, Жакаева (1), Гриценко, Александрова (1), Егембердиева.