Бүгін Инчхон қаласындағы Азия ойындарында ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы 58-келі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды.

Қазақстандық ауыр атлетші Сәуле Сәдуақасова қоссайыс бойынша 180 (80+100) келі көтеріп, сегізінші орында тұрақтады.

Алтын медальді Солтүстік Кореялық спортшы Ри Джонгхва ұтты, ол қоссайыс бойынша 236 (102+134) келі көтерген болатын. Қытайлық Ван Шуай 235 (109+126 келі) екінші орын алса, үздік үштікті Тайландтық Раттикан Гулной 222 (98+124 келі) қорытындылады.