Гондболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді.

Бұл жолы қазақстандық гандболшы қыздар географиялық көршілері Өзбекстанды жеңді – 37:23. Бірінші таймда-ақ спортшыларымыз қарсыласына он доп артық салып, кездесу тағдырын шешіп тастады.

Қазақстан құрамасы сапында 9 гол салған Ксения Волнухина матчтың ең нәтижелі ойыншысы атанды.

 

Қазақстан – Өзбекстан 37:23 (20:10)

Қазақстан: Цупенкова, Парфенова, Данилова (қақпашылар); Мұқанова (2 гол), Танкина, Пикалова (5), Колотинская, Волнухина (9), Родина, Суязова (5), Ильина (4), Александрова (4), Клименко (6), Михайлова (2), Капралова.