Елордалық СДЮСШОР №8 командасы Екінші лиганың 2019 жылғы чемпионы атанды, деп жазады Prosports.kz.

СДЮСШОР №8 Екінші лиганың 33-ші турында «Ақсуды» 3-0 есебімен жеңіп, чемпионат аяқталуға үш тур қалғанда чемпион болды.

Айта кетерлігі, елордалық команда Екінші лигаға қатысқан алғашқы маусымында-ақ чемпион атанып отыр.