«Қайрат» Алматы футзал клубы мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Какау Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан 2020 жылғы Азия чемпионатының іріктеу турнирінде сенсациялық жетістікке жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Какау баптайтын Кувейт құрамасы Бахрейндегі үш матчтың үшеуінде де жеңіске жетіп, 2020 жылдың ақпанында Туркменстанда өтетін құрлықтық біріншіліктің финалдық кезеңіне жолдама алды.

Кувейт футзалшылары алдымен Палестинаны (7:1), БАӘ-ні (4:1) және Ирак сынды азулы қарсыласын 4:1 есебімен ұтты.

Топтағы бірінші орынды Бахрейн мен кувейттіктер бүгін сарапқа салады.