«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Неймардың каталониялық клубқа ауыспай қалуы жөнінде айтып берді, деп жазады Prosports.kz.

«Біз бұрынғыдай араласып-құраласып тұрамыз. Мессенджерде жалпыға ортақ чатымыз бар, ол жерде тіпті Суарес те «отырады».

Неймарға «Барселонаға» оралу қиынға соғар еді. Клубта көп адам оның келуін қаламайды. Спорттық көзқараспен қарасаң, бізге оның келуі жеңіспен бара-бар. Ол жандарды да түсінуге болады», дейді Месси.

Еске сала кетелік, Неймардың каталониялық клубқа ауысуы туралы қаңқу сөздер осы маусым басында желдей ескен болатын.