Дзюдодан Марракеште өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар тағы да жүлдеден қақас қалды, деп жазады Prosports.kz.

Ұлдар арасында Айбол Нысанәлі (81 кг) мен Бексұлтан Ануарұлы (90 кг) алғашқы кездесуінде-ақ қарсыластарына жол беріп, жарыстан шықты.

Ал Мөлдір Нарынова (70 кг) бірінші қарсыласын вазари ұпайымен жеңгенімен, екінші белдесуінде германиялық спортшыға есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде Франция спортшысына ұтылған ол жарысты 7-ші орынмен аяқтады.