Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан тректегі велоспорттан Азия біріншілігінде қазақстандық жасөспірімдер екі медаль жеңіп алды.

Жекелей із кесу жарысында Дмитрий Носков күміс жүлдегер атанды. Ол Оңтүстік Корея спортшысын ғана алға жіберген. Үздік үштікті қытайлық спортшы тұйықтап тұр.

Әйелдер арасындағы із кесу додасында Кристина Титовская күміске қол жеткізді. Алтын және қола медальді тиісінше Оңтүстік Корея мен Қытай спортшылары иеленген.