Желіде жартылай орта салмақта WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Эррол Спенс (26-0, 21 КО) жол апатына түскеннен соң хал-жағдайы туралы айтты.

Америкалық боксшы 10 қазан күні Даллас қаласында жол апатына түскен. Эррол Спенс басқарған Ferrari автокөлігі бес мәрте айналған, ал боксшының өзі қауіпсіздік белдігін тақпағандықтан көліктен ұшып кеткен.

- Еш сүйегім сынбаға! Маған ештеңе болмайды, - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Эррол Спенс соңғы жекпе-жегін 28 қыркүйек күні Шон Портерге (30-3-1, 17 КО) қарсы өткізіп, жеңіске жетті.