Shamo Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін бокс кешінде қазақстандық екі былғары қолғап шебері шығады.

30 қазан күні өтетін кеште Ғалым Шағатай мен Ибрагим Искандаров шаршы алаңға шығады. Ғалым Шағатай грузин боксшысы Пеле Садоянмен жұдырықтасса, Ибрагим Искандаровтың қарсыласы әзірге белгісіз.