Испанияның Понферрада қаласында велоспорттан Әлем чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күні әйелдер мен ерлер командалық жарыста сынға түсті. Әйелдер арасындағы командалық жарыста «Astana BePink» командасы үшінші орынды иеленді.

Ал, америкалық «Specialized-Lululemon» алтыннан алқа тағынса, «Orica-AIS» күмісті қанағат етті.