Ағылшын премьер-лигасының бесінші турында «Лестер» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» қабылдап, cенсациялық жеңіске жетті.

Луи ван Гал шәкірттері екінші таймның басында 3:1 есебімен алда тұрған, алайда, алаң иелері қалған 30 минутта қонақтардың қақпасына төрт гол соғып, кездесу тағдырын өз пайдаларына шешті.

 

Ағылшын премьер-лигасы. 5-ші тур

«Лестер» – «Манчестер Юнайтед» – 5:3 (1:2).

Голдар: Ван Перси, 13 (0:1). Ди Мария, 16 (0:2). Ульоа, 18 (1:2). Эррера, 57 (1:3). Ньюджент, 63 – пенальтиден (2:3). Камбьяссо, 64 (3:3). Варди, 79 (4:3). Ульоа, 83 – пенальтиден (5:3).

Ескерту алғандар: Де Лат, 33. Руни, 84.

Алаңнан қуылды: Блэкетт (МЮ), 83.

Төреші: Клаттенбург (Англия).

21 қыркүйек. Лестер. «Кинг Пауэр Стэдиум».