Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов «Ростовта» жалпы топпен бірге жаттығу өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік клубтың баспасөз қызметі команданың Санкт-Петербургтің «Зенит» командасына қарсы дайындық барысынан фоторепортаж жариялады. Осы материалдан Бахтиердің жалпы топта жаттығып жүргенін көруге болады.

Айта кетейік, Зайнутдинов жарақатынан жақында ғана айыққан болатын. Алайда ұлттық құраманың Кипр және Бельгияға қарсы ойындарына қатыса алмады.