Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Инчхондағы Азия ойындарынының ширек финалына аса қиындықсыз шықты.

Гонконг құрамасына қарсы кездесуде Александр Недовесов Юн Пак Луннан басым түссе (6:1, 6:3), Михаил Кукушкин қарсыласы Дэвид Софарды жеңді (6:1, 6:1). Жұптық сында біздің теннисшілер екі сетте Кевин Кун мен Вон Чунь Хуннен айласын асырды. Қорытынды есеп – 6:3, 6:1.