17 жастар жапон қызы Сара Таканаши Алматыда трамплиннен шаңғымен секіру бойынша өтіп жатқан Әлем Кубогының жеңімпазы атанды.

Сара Таканаши 238.2 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Екінші орын алған алған ресейлік Ирина Аввакумованың көрсеткіші - 206.3. Ал үшінші орынға ие болған жапондық Юки Ито - 203.1 ұпай жинады.

Естеріңізге сала кетелік, Алматыдағы «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінде әйелдер және ерлер арасында трамплиннен шаңғымен секіру бойынша «Grand Prix» Әлем кубогының Жазғы кезеңінің финалдық сериясы өтіп жатыр.