Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Техас штатында өтіп жатқан Oracle Pro Series турнирінің жекелей және жұптық сынында алғашқы айналымынан сүрінбей өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей сында испаниялық Алисия Эрреро-Линануды 6:3, 6:1 есебімен жеңген Данилина, Черногория теннисшісі Владица Бабичпен жұп құрап, америкалық Ван Нгуйен және Эми Чжу жұбын 6:1, 6:3 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.