Инчхондағы Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстан командасынан басым түсті.

Алғашқы периодта 1:2 жеңіліп жатқан қыздарымыз екінші кезеңде жігерлік танытып, 7:3 есебімен жеңді. Ал келесі екі периодта жеңімпаз өзгермеді. Қорытынды есеп  – 14:7.

 

Өзбекстан – Қазақстан 7:14 (2:1, 3:7, 1:3, 1:3)

Қазақстан Жаркова (қақпашы); Шелепина (3 гол), Ақылбаева, Тұрова (1), Закирова, Миршина (1), Мырзабекова (3), Сайчук, Жақаева (3), Гриценко, Александрова (1), Егембердиева (2).