Қазақстандық теннисші Хуаньде өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты. Аталмыш доданың жүлдеқоры 500 000 долларды құрайды. 

20 жасар Зарина Диас чехиялық Клара Коукалаваны үш сетте жеңді - 6:4, 6:7, 6:2. Теннисшілер арасындағы алғашқы өзара кездесу 2 сағат, 29 минутқа созылды. 

Екінші раундта Диас турнирдің 7-ші ракеткасы неміс Анжелик Кербермен кездеседі.