УЕФА вице-президенті Мишель Ува Чемпиондар лигасының 2019/20 маусымындағы финалының өтетін жерін ауыстыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Футбол мамандары мен сарапшылары, сондай-ақ жанкүйерлер Түркияның Сирияға қарсы әскери операция бастауына байланысты Стамбұлда финалдық ойынды өткізуге қарсы шықты.

- Біз құзырымыз бойынша спорттың тәуелсіздігін құрметтей отырып жұмыс атқарамыз. Бірақ біз БҰҰ, ЕО немесе АҚШ-ты алмастыра алмаймыз. УЕФА ұйымдар мен президенттермен кеңесе отырып бір шешім қабылдайды, — деді Мишель Ува.