Инчхондағы Азия ойындарында ауыр атлетикадан қазақстандық Зүлфия Чиншанло еліміздің қоржынына алғашқы күміс медальды салды.

53 келіге дейін салмақ бойынша сынға түскен отандасымыз жұлқа көтеруде 132 келі, сілке көтеруде 96 келіні бағындырды. Үшінші орын алған қытайлық Ваньксьон Чжанг та дәл осындай нәтиже көрсеткен еді, алайда қазақстандықтың салмағы жеңіл боп шықты.

Ал алтын жүлдені тайбэйлік Шу Чин Хсу жеңіп алды. Екі жаттығу бойынша 233 келіні көтерген ол әлем рекордын жаңартты.