Инчхондағы жазғы Азия ойындарында баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы екінші кездесуінде жеңіске жетті.

Палестина құрамасымен кездескен қазақстандық баскетболшылар 72:50 (22:7, 12:6, 18:17, 20:20) есебімен қарсыластарын қапы қалдырды. Қазақстан сапынан Анатолий Колесников – 21, Павел Ильин – 18, Антон Пономарев – 13 ұпай алды.

Енді Виталий Стребков шәкірттері Үндістан құрамасымен кездеседі.