«Астана» велокомандасы 17-22 қазан аралығында Қытайда өтетін «Гуанси туры» көпкүндік жарысына қатысып, 2019 жылғы маусымды аяқтайды, деп жазады клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команда құрамы: Давиде Баллерини, Родриго Контрерас, Лауренс Де Вриз, Мерхави Кудус, Ян Хирт, Йонас Грегаард Вилсли и Давиде Виллелла.

Жарыстағы спорттық директорлар: Дмитрий Фофонов және Ларс Михаэльсен.

Айта кетелік, Гуанси туры - 2017 жылдың қазанынан бері өтіп жүрген UCL World Tour статусына ие Қытай елінің аумағында, Гуанси қаласының төңірегінде өтетін көпкүндік шосседегі веложарыс.