Инчхонда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының теннис турнирінде Қазақстан құрамасы Гонконгты ұтты.

Аадымен Александр Недовесов Лонг Пак Юнгтенді 6:1, 6:3 есебімен тізе бүктірді, кортқа екінші боп шыққан Михаил Кукушкин Давид Сафаеге мүмкіндік қалдырмады – 6:1, 6:1.

Жұптық бәсекеде де қазақстандықтардың айдарынан жел есті – Кукушкин мен Недовесов Холтинг Кевин Кунг пен Хун Чон Вонг жұбын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

22 қыркүйекте ширекфиналда отандастарымыз Үндістан құрамасымен теке-тіреспек.