Қазақстан чемпионатының 26-шы туры аясында өткен «Қайрат» пен «Ордабасы» арасындағы кездесуден кейінгі баспасөз-мәслихатын назарларыңызға ұсынамыз.

Саулюс Ширмялис ойын туралы:

«Футбол болғандықтан бұл жерде кез келген нәтиже тіркелуі мүмкін. Қарсыласымыз бір мәрті қауіпті шабуылға шығып, мүмкіндігін пайдаланып кетті. Кейде футбол әділетсіз, бүгін алматылықтарға сәттілік жолдас болды. Жанүйерлеріміздің алдында басымды иемін. Тіпті, біз 5:0 есебімен жеңліп жатқанда қолдау көрсетті. Командадағы орта деңгейлі футболшылардың алдына биік нәтиже күтпеуіміз керек .Егерде биік нәтижені талап етсек, онда сапымызды мықты ойыншылармен жасақтауымыз қажет.