Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин «Кремль Кубогы» турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жерлесіміз ресейлік Евгений Донскоймен күш сынасты. Михаил қарсыласын екі сетте — 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Кукушкин ширек финалға шығу үшін «Кремль кубогының» өткен жылғы финалисті, франциялық теннисші Адриан Маннариномен таласады.

Бүгін сондай-ақ Александр Бублик Мәскеуде тағы бір ресейлік Андрей Рублевпен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бублик пен Кукушкиннің жұптық сында «Кремль кубогының» ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.