Ресейлік әнші, көпшілікке Баста есімімен танымал Василий Вакуленко СКА (Ростов-на-Дону) футбол клубын сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Ресейлік әнші және продюсер Василий Вакуленко СКА футбол клубының қарызын өтеп, команданың дамуы үшін өз қаражатынан 10 млн рубль құйды, - СКА клубының «ВКонтакте» парақшасында.

Айта кетейік, аталмыш клуб біріншілікте ойнайды. Команда 18 ұпаймен турнирлік кестеде 7-орында тұр.