Ел біріншілігінің 26-шы турында «Тараз» «Атыраудан» басым түсті.
Матчтағы алғашқы гол тек екінші таймның бастапқы бөлігінде ғана соғылды. 56-шы минутта алаң иелері сапынан Олександр Яровенко көзге түсті. Владимимр Никитенконың шәкірттері таразы басын теңестіруге ұмтылып, ақыр аяғы 86-шы минутта Айбар Нұрыбековтың көмегімен есепті теңестірді. Алайда бір минут өткеннен кейін «Тараз» ойыншылары қайтадан есептегі басымдыққа ие болды. Бұл жолы Тимур Досмағанбетов алаң иелеріне үш ұпайды сыйлады.
Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 26-шы тур.
«Тараз» - «Атырау» 2:1
Голдар: Яровенко 56, Досмаганбетов 87 – Нурыбеков 86.
Комментарии