MTK Global промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен Алматыда өткен бокс кешінде жеңіске жеткен бірқатар боксшыларымыз әлемдік рейтингте жоғарылады, деп жазады Prosports.kz.
Атап айтқанда, Елшат Нығметолла тәжірибелі Филиппин боксшысы Ардин Диалені (35-14-4, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Осы жеңісінен кейін отандасымыз Boxrec.com рейтингісінде өз салмағында 100-ші орыннан 51-ші сатыға жоғарылады.
Ал Еділ Қожамбердиев әзірбайжандық Казим Умудовты (3-1, 1 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
Осы жеңістен кейін Қожамбердиев Boxrec.com рейтингісінде 268-ші сатыдан 262-орынға көтерілді.
Жүкембаев IBF рейтингісінде үздік 15 боксшының қатарына енді
Комментарии