13 қазанда белгісіз біреулер дағыстандық хоккейші Пахрудин Гимбатовтың автокөлігін өртеп жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Мәскеулік даңғылдардың бірінде тұрақтап тұрған Jaguar көлігіне белгісіз біреулер өрт қойған. Ешкім зардап шекпеді, алайда көліктің жарты бөлігі өртеніп кетті.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.