Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Шымкентте өтіп жатқан киокушинкай-кан каратэден ҚР чемпионатында болып қайтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Чемпионатқа жасөспірімдер мен ересектер қатысады. Жасөспірімдер жеңіске жеткен жағдайда спорт шеберіне үміткер, ал ересектер — спорт шебері атағын алады. Сондай-ақ, чемпионат қорытындысы бойынша Олимпиада ойындарына қатысуға Қазақстан құрамасына кім кіретіні шешілетін болады.

«Каратэ, спорт түрі ретінде, Токиода өткен Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді және біз бұл орайда жастарымызға үміт артамыз. Мысалы, Дархан Асаділов жақсы өнер көрсетеді, ол - біздің үмітіміз», — деді Серік Сәпиев.