Ел бірінішілігінің аутсайдері семейлік «Спартак» өз алаңында «Жетісуға» мүмкіндік бермеді.

Чемпионат кестесінде соңғы орында қалған семейліктер үшін бұл ойынның маңызы өте зор еді. Тіпті, матчтың басталғанына 5 минут өтісімен Максим Азовский алыстан бағыттаған жойқын соққысымен есепті ашты. Ал 23-ші минутта Даниэл Пеев есепті еселеді. Екінші таймның басында Неманья Йовановичтің 11 метрлік айыпдобынан соққан голына, қонақтар тек қосымша уақытта бір голмен жауап қайтарды.

 

 

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 26-шы тур.

«Спартак» (Семей)- «Жетісу» (Жетісу) 3:1 (2:0)

Голдар: Азовский 5, Пеев 23, Йованович (пенальти) 66 – Ахметович 90+3

20 қыркүйек 2014 жыл.